Елімізде өткен тәулікте 416 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 8-і Шымкентте , біреуі Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 801-ге жетіп отыр.
Оның ішінде шымкенттіктер жоқ. Ал, Түркістан облысынан 2 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 22 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 18 852 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 3 207 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 15 645-і амбулаториялық деңгейде емделуде.
Сала жауаптыларының айтуынша, 273 адамның жағдайы ауыр, ал 72 пациенттің халі өте ауыр. 61 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 915 421 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 400 554 адам салдырды. Ал Шымкентте 590 807 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 564 545-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 037 187, II компонентін 1 018 234 адам салдырған.
Мөлдір Ибадуллаева