«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасының орындалуы мақсатында Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, халықты спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау үшін биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Әл-Фараби ауданында 25 спорт алаңшасы және 27 аула абаттандырылып, кезең-кезеңімен халық игілігіне берілуде.
Ауданға қарасты Отырар шағын ауданындағы 42,51 үйлердің және Адырбеков көшесіндегі 4 үйдің ауласы толық абаттандырылып, пайдалануға берілді. Заманауи аулаларда ересектер мен балаларға спортпен айналысып, демалуға мүмкіндік жасалды. Онда балалар және спорт алаңшалары, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері орнатылған.
Айта кету керек, қыркүйек айында 9 аула толығымен абаттандырылды. Қалған 18 аулада көріктендіру жұмыстары 16 желтоқсан-Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аяқталып, халық қолданысына берілуде.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі Султанова Тореайм Жолдыбайқызы!