Түркістан облысында мал ұрлап келген екі қылмыстық топ ұсталды. Ордабасы ауданында қолға түскен күдіктілер тұрғындарға 18 млн теңге шығын келтірген.
Қылмыстық топ құны 10,4 млн болатын 26 жылқыны ұрлаған. Құрықталғандардан малды тасымалдаған «Газель» көлігі мен 2 жылқы тәркіленген. Осыған ұқсас ұйымдасқан қылмыстық топ Арыс ауданында қолға түскен. Олар19 жылқыны ұрлап, мал иелеріне 7,6 млн теңге шығын келтірген. Ұйымдасқан қылмыстық топтан «БМВ» маркалы жеңіл көлік пен 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленген.
Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, ҚР ҚК 188-1-бабы «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Гүлдана Дәурен