Түркістан қаласында, коронавирустық инфекциясының кең таралуының алдын-алу мақсатында аянбай еңбек еткен отандастарымызға арналған «Халық алғысы» медалін табыстау рәсімі өтті.
Аталған шарада бірқатар үкіметтік емес ұйым мүшелері, облыстағы БАҚ саласының өкілдері, ерікті, белсенді жастар мен білім беру саласының мамандары құрметке бөленді.
Пандемиямен күрес кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, елеулі еңбегімен көзге түскен азаматтарды облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев мараппаттады. Ол өз сөзінде, медаль иелеріне ел игілігі жолындағы еңбегі үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жұмыла әрекет етуге шақырды.
Аида Қарсыбайқызы