Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығының 10 фактісін ашты. Үй жануарлары ұрлығының жолын кесу және ашу бойынша жұмысты жандандыру мақсатында Түркістан облысының аумағында «мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.
Нәтижесінде 50-ден астам ұрланған мал заңды иелеріне қайтарылды. Мысалы, жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары Бәйдібек ауданында малды заңсыз алып кеткен ұрыны ұстаған. Ауыл тұрғындарының бірі аудандық бөлімге мал жоғалғаны туралы өтініш білдірген. Қаскүнемнің жайылымнан үш қой ұрлағаны анықталып, содан кейін оны сатып, ал ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188 бабы 1 тармағы «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеудің жиналған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.