Түркістан: Вакцинаның екі компонентін салдырғандар саны 1 млн-нан асты

125

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 834 625 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 260 725 адам салдырды. Ал Шымкентте 587 413 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 551 955-і алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 034 179, II компонентін 1 001 786 адам салдырған.

Сондай-ақ өткен тәулікте 648 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде 1-і Шымкентте, 9-ы Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 922 -ге жетіп отыр. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ. Ал, Түркістан облысынан 9 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 10 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 21 992 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 4 309 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  17 683-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 343 адамның жағдайы ауыр, ал 88 пациенттің халі өте ауыр. 60 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде.

                                                                                             Мөлдір Ибадуллаева