Түлкібас ауданы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолы бойында тәртіп сақшылары күдік тудырған белгісіз жаяу жүргіншіден жеке басын анықтайтын құжат сұрайды.
Ол сырт киімінің кеуде тұсынан құжатын ала бергенде, пакет орамасы қоса түсіп қалған. Полицейлер оны тексеру барысында, хош иісі есірткіге ұқсас зат екенін анықтады.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабымен тіркеді. Жолаушыдан айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды.
Қорытындыға сәйкес, тәркіленген заттың 2,5 кг көліміндегі кептірілген «марихуана» екендігі анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдікті азамат есірткі затын тауып алғанын және оны өзі пайдаланбақ болғанын мойындаған.
Жанерке Хумар