Түркістанда бағаны негізсіз өсірген 3 субъектіге айыппұл салынды

141

Түркістан облысында азық-түлік бағасын негізсіз өсірген сауда орындарына 45 нұсқама беріліп, 3 субъектілерге айыппұл салынды. Облыс әкімдігінің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын-алу және баға белгілеуінің делдалдық схемаларын жою мақсатында, ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлармен облыс көлемінде 1098 меморандум түзілген.

Айта кетейік, бүгінде тек Түркістан қаласынының өзінде 13 әлеуметтік дүкен бар. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың 16-сы облыстың өзінде өндіріледі екен. Тұтыну нормасына сәйкес, бұл өнімдермен облыс халқы артығымен қамтамасыз етіледі. Сала жауаптыларының айтуынша, бағаны тұрақтандыру мақсатында базарларда рейдтік, мониторингтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Сауда үстемелерін 10%-нан жоғары көтеруге жол берілмейді.

                                                                                      Мөлдір Ибадуллаева