Түркістанда Мәуліт мерекесіне орай рухани кеш өтіп, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 4 жанұяға баспана кілті табысталды.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов қатысып, жаңа баспана иелерін құттықтады. Сондай-ақ, жиында теолог, «Республикалық ақпарат-насиxат тобының»мүшесі Арман Қуанышбаев сөз сөйлеп, сахабалардың ғибратты ғұмыры туралы кеңінен тоқталды. Кездесу соңында қазақ эстрадасының жұлдыздары баспанаға ие болған жандарды құттықтап, мерекелік концерт өткізді.
Гүдана Дәурен