Түрмеге есірткі кіргізбек болған

126

Шымкентте бұрын сотты болған азамат жалпы режимдегі колонияға есірткі алып кірмек болған.

Жауаптылардың айтуынша, ол 1 желтоқсан күні қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/3 қауіпсіздігі орташа мекемесінің аумағына тасымалдауға әрекет жасапты.

Мекеменің жедел бөлім өкілдері мен Абай аудандық полиция департаментінің қызметкерлерінің жедел әрекеті арқасында 38 жастағы ер адам ұсталды.

Одан құрамында есірткі заты бар 2 пакет, құрамында белгісіз еккіш, пышақ, скотч, 30 дана Трамадол таблеткасы тәркіленді. Ер адам 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жазаға тартылады.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

                                                                                Мөлдір Ибадуллаева