Вакцинацияланғандар саны 8,8 млн-нан асты

92

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 808 125 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 223 795 адам салдырды.

Ал Шымкентте 585 125 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 549 268-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 032 379, II компонентін 995 563 адам салдырған.

Сондай-ақ өткен тәулікте 704 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде 4-і Шымкентте, 5-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 244-ке жетіп отыр. Оның 5-і шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 1 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 8 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 22 819 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 4 604 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  18 215-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 353 адамның жағдайы ауыр, ал 90 пациенттің халі өте ауыр. 60 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде.

                                                                                            Мөлдір Ибадуллаева