Зейнетақы жинағы есебінен көңіліңнен шыққан баспанаға қол жеткізуге болады

96

Зейнетақы жинағы есебінен тұрғын үй сатып алу бойынша ең ірі мәміле 162 миллион теңгеден асты. Қолжетімді баспанаБұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты. «Иә, зейнетақы жинағына тұрғын үй сатып алуға қатысты ең ірі мәміленің сомасы 162,4 миллион теңге болды. Бұл премиум-класқа жататын баспана болуы керек. Ал ең аз мәміленің сомасы  миллион теңгенің шамасында болды. Оны ауылды жерде немесе аудан орталығында пайдаланған секілді», — деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Шынар Оразова