Шымкент қаласының газ техникалық инспекция бөлімінің мамандары Еңбекші ауданында орналасқан бір қатар жатахана тұрғындарына тұрмыстық газ балонын пайдалануда сақтық шараларын қолдану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мамандар өз сөзінде, газ баллондарды арнайы мекемелерден келісім шарт негізінде сатып алуға кеңес береді.
Айта кетейік, бүгінде тұрмыстық газ баллонын автогаз құю бекетінде толтыру өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі онда, газ баллонының техникалық жарамдылығы ескерілмей,оны толтыру нормасы да сақталмайтын көрінеді.
Сондықтан газ баллонын автогаз құю бекетінде толтыру – заңсыз әрекет болып есептеледі және ол үшін әкімшілік жауапкершілік те қаралған.
Аида Қарсыбайқызы