ЖОО бөлінетін гранттар тоқтатылады

201

Бұдан былай жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттар тоқтатылады.

Енді оқу гранты түлектерге беріледі. Тағы бір жаңалық: абитуриент оқу орнын өзі таңдайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі айтты. Осы шаралар  ЖОО арасында бәсекелестіктің  артуына септігін тигізеді ,-дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Минисстр шетелге көптеп кетіп жатқан жастар мәселесіне де тоқталды. Мұның алдын алу үшін 2025 жылға қарай Қазақстанда әлемнің үздік жоғары оқу орындарының 5 кампусы ашылады. Яғни, талантты жастарға өз елімізде білім алып, қызмет етуге жағдай жасалмақ.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:»Балалардың жоғары білім алу құқығын айтатын болсақ, тек қана соңғы 3 жылдың ішінде гранттар саны 2 есе артты. Степендия да 2-3 жыл ішінде 2 есе артты. Қай саланы алсақ та, үлкен алға жылжу бар. Мемлекет өзінің білім саласы бойынша Конституцияда бекітілген кепілдіктерін толығымен орындап жатыр».

Шынар Оразова