Еңбекші аудандық соты өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Былтыр 486 адамға қатысты түскен 433 қылмыстық істің жартысы бойынша айыптау үкімі шығарылып, 116 тұлғаға қатысты 107 қылмыстық іс қысқартылған. Мамандар, қаралған қылмыстық істердің басым бөілігі ұрлыққа байланысты дейді.
Еңбекші аудандық соты жылды қорытындылады. Былтыр қылмыстық істер бойынша электронды және бұйрықтық тәртіпте қаралатын істердің саны екі есе артқан. 2020 жылы 137 адамға қатысты 136 қылмыстық іс қаралса, өткен жылы олардың саны 206 адамға қатысты 202 қылмыстық іске артқан.
Азаматтық істер бойынша сотқа 4752 арыз түскен, оның 3486 ісі аяқталып, 1863 шешім шығарылған, 663 сот бұйрығы шығарылып, 522 талап арыз қараусыз қалдырылған. 33 іс қысқартылған. Жұмысты оңтайландыру бойынша ұсыныстар талқыланады дейді судьялар.
Бүгінгі таңда дауларды баламалы тәсілдерді қолдану арқылы шешу мүмкіндіктері сотта кеңінен қолдануда. Ол «Отбасылық сот» пилоттық жобасы және сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері. Ағымдағы жылдан бастап сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері заң түрінде бектіліп, соттар осы бағытта жұмыстарын жүргізуде.
Шынар Оразова