Алаяқ жиһаз жасаушы құрықталды

23

 

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы бір ай көлемінде келісілген жиһазды жасап беремін деп сендірген. Алайда, арада 30 күн уақыт өте не жиһазын, не ақшасын қайтармай ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі 350 000 теңгені құраған.

Аталған жайт бойынша, тәжірбиелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, полицейлер тұрғынды алдап ақшасын иемденген азаматты қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат арызданушыдан алған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін сақтық шараларын қатаң ұстануды сұрайды.
Егер, Сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі