ҚР Ауыл шаруашылығы Ербол Қарашөкеев азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қатысты қабылданған іс әрекеттер жайлы мәлімдеді. 1 шілдеге дейінгі мерзімге күнбағыс пен күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер енгізіледі.
3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына, ірі қара мал мен ұсақ малды 6 ай мерзімге шығаруға, жем-шөп шығаруға тыйым салынады.
Маусымаралық кезеңде импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі пысықталып жатыр,- деді министр.
Сондай-ақ, алдағы уақытта нанның бағасы да тұрақтандырылады. Өйткені, астық құнын субсиядиялау мәселесі қарастырылып отыр. Субсидиялау демекші, енді бұл қызметтер ашық әрі қолжетімді болуы үшін электронды түрде жүргізілмек. Қазір дәл осы пилоттық жоба Ақмола облысында сынақтан өтуде.
2025 жылға дейін бірнеше азық-түліктің өндіріс көлемін 100 пайызға жеткізу міндеті тұр. Яғни, құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, алма және балық өнімдерін – 100 пайыз және қантты 80 пайызға арттыру үшін инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр.
Шынар Оразова