Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынады

35

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

«Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды»,-делінген хабарламада.

Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.