Достық пен Алтынкөл стансаларының басшылары қызметтерінен босатылды

83

Қаржы министрі Ерұлан Жамауабаев пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев Қытай шекарасындағы кеден бекеттерін тексеріп шықты.

Алдымен KTZE-Khorgos Gateway құрғақ портын, одан кейін «Нұрлы жол» мен «Алтынкөл» өткізу бекеттеріне барды. Сондай-ақ, жүк тасымалдаушылармен кездесіп, Қазақстан-Қытай шекарасында бизнесті жүргізу мәселесін талқылады.

«Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңындағы теміржол стансаларының басшылары өз қызметтерінен босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Айта кететін жәйт, президент Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Шынар Оразова