Антитеррорлық операция барысында ұрланған 515 қару табылып, тәркіленген. Олардың қатарында автомат, пистолет, пулемет, граната және тағы басқа қару түрі бар. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы мәлімдеді.
Сонымен қатар, қаруды ұрлағаны үшін 98 адам және заңсыз сақтау фактісі бойынша 61 адам ұсталған. Қазіргі таңда 31 қару ерікті түрде тапсырылған.
Департамент бастығы барлық дамның қару ұрлауға қатысы болмауы мүмкін екенін ескере отырып, тауып алған азаматтарды ерікті түрде тапсыруға шақырды
Гүлдана Дәурен