Кентау ҚПБ-на кешкі уақытта белгісіз адам қару ұстап жүргені туралы хабарлама келеді. Кентаулық полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді.
Кентау ҚПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің үйінен қорғасыннан жасалған «Кастет» тәркіленіп алынды Сондай-ақ тексеру кезінде күдіктінің ас үй бөлмесінен ақ қағазға оралған есірткі затына ұқсас зат табылып, сараптамаға жолданды. Сараптама оның жалпы салмағы 15 грам болатын «кептірілген» марихуана» екенін растады. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты ҚР ҚК 296-бабы « Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Бүгінде күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруын қолданумен қылмыс жасағаны, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.