Қазақстанда соңғы 1 жылда несие алушылардың саны бір жарым есеге өскен.Олардың тең жартысы кепілсіз берілетін тұтынушылық несие.
Қарыз алушылардың 18%-ы төлеу мерзімін 90 күннен асырып, қайтара алмай жүр. Осыған қарамастан, тұтынушылық несиенің көлемі 8,9 трлн теңгеге жеткен. Ал еліміз бойынша 6 миллионнан аса адамның банк алдында берешегі бар. Олардың 48%-ы — тұтынушылық несие, 31% – ипотека, 10% – автонесие, 5% – кепілге алынған несие, ал, 3%-дан астамы кредиттік картаға тиесілі.
Сондай-ақ бұл тізімге шағын онлайн займдар мен бөліп төлеу арқылы алынған тауарлар мен қызметтер де кіріп отыр. Несие беру заңнамалық тұрғыдан қатаңдатылып, шектеулер енгізілді.
Шынар Оразова