Президенттің мәлімдемесі баршаға медеу болды

38

Президенттің мәлімдемесі баршаға медеу болды. Әрбір саланы қамтыған өзгерістер, жаңашылдықтар өзінен өзі бола қоймайды. Оларды сіз бен біз жүзеге асыруымыз керек. Сонда ғана Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік болмақ дейді жерлестеріміз

Сот саласына еңбек сіңірген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараұлы президенттің мәлімдемесіне қатысты пікірін білдірді. Жаңа үкіметке халық көп үміт артып отыр, -дейді зеңгер.

«Мемлекет басшысының жаңа үкімет жасақтауы өзгерістер әкеледі.  Жаңа  азаматтар қойып жатыр онысын да қолдаймын. Өйткені, ұзақ жылда бір жерде отыра берген адамның халықтың көзқарасы өзгереді, өзінің жұмысқа деген екпіні, жаңашылдығы, талапшылдығы  төмендейді. Сондықтан жаңа күш келгеніе қосыламын. Онысы дұрыс деймін»,- дейді  заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев.

Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруда аянбай еңбек ету керек. Жаппай тәртіпсіздікте шығынға батқан шағын және орта бизнеске қолдауды еліміздің ірі бизнесмендері мойнына алуы тиіс деп есептейді заңгер.

Бекет Тұрғараев: «Осыншама шығын, зардап болғанда оның реттеу жолдарын  мемлекет қарастыруда. «Қазақстан халқына»  қоғамдық қорының құрылғаны  жайлы президент айтты. Мен айтар едім, осы Қазақстанның Тәуелсіздігі кезінде тыныштығымыздың арқасында, осыған дейін мұндай алапат болған емес, соның арқасында бизнесте қаншама  азаматтар шықты. Ақыл-ойы, жетістігімен, іскерлігімен, ептілігімен үлкен-үлкен байлыққа қол жеткізді. Бізде Форбс деген журнал бар емес пе, соның құрамына еніп жүрген миллиардер жігіттеріміз бар. Миллионерлер бар. Бізге айтып жатыр 97 млрд. шығын келген деп. Сол миллардерлеріміз меценаттық қамқорлық жасап миллиардтарынан бөліп берсе, сонда материалдық шығыннан тез арыламыз. Біздің бюджетіміз қабылданып кеткен. Жылдың басында топалаң болады, соған мынанша ақша сақтайық деген графа да, бөлім де жоқ. Сондықтан, кенеттен болған оқиғаның зардаптарын жою, жағдайды қалпына келтіру үшін біз салмақты меценат миллиардерлерге салуымыз керек».

Шынар Оразова