Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды

185
фото информ,кз

«Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.», – делінген ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter-де жариялаған ақпаратында.

Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.