Өткен аптада бірден арзандап кеткен бірқатар қазақстандық компанияның акциясы қайта қалпына келіп жатыр. Сарапшылар мұны елдегі қақтығыстың салдары дейді.
Тәртіпсіздіктен соң «Kaspi» банктің акциялары 22%-ға, «Халық банкінің» акциясы 15, «ҚазАтомПромның» акциясы 13%-ға түскен еді. Қазір елдегі жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Бұл инвесторлардың да сенімін арттыруда.
Сонымен бірге, Қазақстан қор биржасы жұмысын жалғастырып жатыр. Сондай-ақ, осы аптадан бастап қаржы нарығында сауда-саттық өткізіле бастады.
Шынар Оразова