Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 2021 жылы азаматтардың мемлекетке борышының ең үлкен бөлігін көлік салығы құраған.
Атап айтқанда, жарты миллионнан астам «темір тұлпар» иесі қазынаға 21,5 млрд. теңге қарыз. Соның ішінде 3,9 млрд теңгесі – берешекке есептелген өсімпұл.
Назар аударатын жайт, ең көп көлік қарызы Алматының еншісінде 6 млрд. теңгедей. Одан кейінгі орында – Алматы облысы. Жетісу өңірінің «темір тұлпар» иелері 4,8 млрд. берешек қордалаған. Яғни, антирейтингті дәл қазіргі тынышсыз өңірлер бастап тұр.
Шынар Оразова