Қазақстаннан ақша аударымдары Өзбекстан, Түркия және Ресейге жіберілген

91

Қазақстанда  шетелге жиі ақша жібере бастады. Экономиканы бақылау жөніндегі жоба осындай мәлімет таратты.

Ресми деректер  бойынша, былтырғы 11 айда жеке тұлғалардың шетелге жіберген ақша аударымдары 921,3 миллиард теңгеге жеткен. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29 пайызға артық.

Қаражаттың басым бөлігі Өзбекстан, Түркия, Ресей елдеріне жіберіліпті. Ал шетелден Қазақстанға аударылған қаражат көлемі, керісінше, өзгермеген.

Шынар Оразова