Қазақстанның бас санитариялық дәрігері қызметінен босатылды

28

Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметінен босатылды. Ол 1973 жылы Алматыда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Алматы жедел жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары – Алматы әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитария дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болды.

1999 жылдан 2020 жылға дейін Президент іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында – санитариялық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитария дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры және басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

Айта кетейік, Ерлан Қиясов Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметінде 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.

 Жанерке Хумар