Самара-Шымкент автожолында көлік апатынан 5 адам көз жұмды

61

Самара-Шымкент автожолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, оқиға орнында бес адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік апаты 30 қаңтар күні сағат шамамен 19:20-да орын алған. Mercedes-Actros жүк көлігінің жүргізушісі Өзбекстан Республикасының азаматы екен. Ер адам бұл күні Хромтау қаласынан Ақтөбеге қарай бет алған.

Алайда, Самара-Шымкент автожолының 779 шақырымындағы Өлке кентінің жанында жолдың тайғақ екенін ескермей, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан Toyota Camry-55 көлігімен соқтығысады. Оқи орнында, 34 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы көз жұмды.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Полиция қызметкерлері қысқы ауа райын ескеріп, мұз-тайғақ кезінде жолға шықпауға шақырады.