Шаруалар агротехникалардың утильдік алымын алып тастауды талап етуде. Фермерлердің сөзінше, бұл алым техниканың қымбаттауына себеп. Ал ол өз кезегінде өндірілетін өнімнің қымбаттауына әсер етеді. Былтыр шаруалар 30 млрд. теңге утиль алымын төлеген.
Әрбір азық-түлік өнімінде утильдік алымның құны бар. 2020 жылмен салыстырғанда ауыл шауашылығы техникаларының әрқайсысы 13,8 миллион теңгеге қымбаттап, алты жылда Еssil КЗС-760 комбайнының бағасы 23 миллион теңгеден 68 миллион теңгеге жетті. Утильдік алым — тек ірі бизнесті дамыту үшін жасалған әрекет, – дейді фермерлер.
Олар бұл алымды жоюды ғана айтпайды, Еуропа елдерінен сапалы техника әкелуді сұрайды. Отандық техниканың тез сынатынын, проблемаларының онсыз да өте көп екенін еске салады.
Шынар Оразова