Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша мен қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу мен сатудың алдын алу мақсатында қала аумағында “Шырша” жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қаладағы шырша сататын сауда нүктелеріне тексеру жүргізді. Сатушылармен қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сату және сату бойынша түсіндірме жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, заңсыз сату және ағаштарды кесу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қаралғаны туралы ескертілді.
Жедел-профилактикалық іс-шара аясында белгіленбеген орындарда жасанды шыршаларды сату бойынша 25 жайт анықталды. Сатушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабымен (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) әкімшілік хаттама толтырылды.
Осындай іс-шаралар қала аумағында балауса қылқан (шырша) ағаш түрлерінің заңсыз айналымын, тасымалдау, кесу деректерін анықтау және алдын алуға септігін тигізеді.