Шымкентте алаяқтық жолмен 2.5 млн. теңге ақша алған азамат анықталды. Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.
Айтуынша, бейтаныс азамат кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз қаражат шығарып беретінін айтып, 2.500 000 теңге ақшасын алған. Бірақ сенген танысы жәбірленушіге берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай ізін суытқан.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты қылмыстық кодекстің 190-бабы, Алаяқтық бойынша тіркеп, жедел іздестіру шараларына кіріскен. Нәтижесінде осы жайтқа қатысты 37 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілді.
Тергеу барысында анықталғандай азамат алаяқтықты кәсіп етіп, оңай жолмен алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Әлихан Файызханов