Шымкентте коронавирус инфекциясы 4 есеге артқан

33

Шымкент қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт күрделенді. Шымкент қаласы бойынша коронавирус инфекциясы алдыңғы аптамен салыстырғанда 4 есеге артқан. Соңғы аптада 1022-ден аса адамнан коронавирус инфекциясымен медициналық көмекке қаралған, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балар арасында тіркелгені -187.

Коронавирустық инфекцияның күрт өсу себебі каратин шараларының сақтамауы, маска режимін бұзуы, адамдар көп жиналатын жерлерге баруы.
Барлық тіркелген ошақтарда індетке қарсы іс шаралар жүргізілген, қаулылыр шығарылып, қарым-қатынастағылар анықталып, «COVID-19»-ға зертханалық тексерілген.

Науқастарды ерте анықтау және індетті таралуға жол бермеу мақсатында бір тәуілікте 873 зертханалық тексерулер жүргізілді, оның ішінде оң нәтижесімен 320 анықталды. Қазір қала аумағындағы эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі жағдайда қалып отыр.

Шымкент қаласында бүгінгі күнге «Омикрон» коронавирус инфекциясының жаңа штаммы науқастар арасында анықталмады.

Алайда, аурушаңдықтың күрт өсуіне байланысты бұл штаммнын анықталуы әбден мүмкін.

Бұл штамның өте қауіпті екенін және оның жылдам таралуымен және вакцинаға төзімділігімен ерекшеленеді. Алаңдаушылық тудыратын осы «Омикрон» штамның бірнеше ерекшеліктері бар:

-адамнан адамға тезірек беріледі;
– көбінесе олар вирус тасымалдаушымен байланыста болған кезде, ауырып қалу ықтималдығы өте қауіпті;
– коронавирус инфекциясына тән емес жаңа белгілермен сипатталады;
– вакциналар мен дәрі-дәрмектерге салыстырмалы түрде төзімді.

Бүгінгі таңда жаңа КВИ штамдарының пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін ұжымдық иммунитеттің қажетті деңгейіне жету маңызды.

Қаладағы ахуалды назарға ала отырып, қала тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға шақырамыз.

А.Тулебаев,

Шымкент қаласы

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

департаментінің басшысы