Шымкенттікті үй алып беремін деп алдап, 1,5 млн. теңгесін алған күдікті ұсталды

74

Шымкентте қала тұрғынын алдап 1,5 млн. теңгесін алып кеткен азамат қолға түсті. Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын бейтаныс азаматтың «арзан бағада үй алып беремін» деп сендіріп, тиісті ақшаны алғаннан кейін уәдесінде тұрмай, ізін суытқандығы туралы арызданған.

Аталған жайтқа қатысты алаяқтық бойынша іс қозғап, жедел іздестіру шараларына кіріскен. Нәтижесінде күдікті ретінде 49 жастағы қала тұрғыны анықталды. Тергеу барысында оның ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды. Қазіргі таңда айтулы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аида Қарсыбайқызы