Шымкенттің бас полицейі автобустағы адамдарды аман алып қалған сақшының саулығын білді

165

Елімізде бүлікшілердің іс-әрекетінен орын алған осынау қаңтар дүрбелеңінде полицейлердің ерлігі айқын көрінді. Қауіп-қатермен бетпе-бет келіп, тәулік бойы халыққа қызмет еткен сақшылардың еңбегі ерен.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов қаңтар оқиғасында қызметтік міндеттерін адал атқарған сақшының саулығын білу үшін ауруханаға арнайы барды.

Айта өтетін ақпарат, Толыбай Жалғасхан – Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты.

Жалғасхан Оразалыұлы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көліктерді жағып жатқан бұзақыларға сол маңайдағы автобусты өртеуге жол бермей қорғап, ішіндегі адамдарды да қауіпсіз жерге жеткізген.