«Тәртіпсіздік кезінде 6 азамат арматура таратқан»: Күдіктілер тергелуде

159

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде арматура таратқан алты адам қамауға алынды. Осылай деген Әкімшілік полиция комитетінің бастығы Бағланбек Айтпаев күдіктілер Алматы мен Алматы облысының тұрғыны екенін атап өтті.

Қазіргі таңда, ұсталғандарға бүлікке қатысумен қатар «бұзақыларға металл арматураны таратты» деген айып тағылып отыр. Басқарма басшысы Бағланбек Айтбаевтың айтуынша, күдіктілер таратқан араматура полицейлер мен әскерилерге қарсы қолданылған.

«Ұсталғандар – Алматы және Алматы облысының тұрғындары. Барлығы уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Күдіктілер шұғыл алдын алу шарасы аясында ұсталған. Іс-шара 19 қаңтар күні төтенше жағдай режимі аяқталған бойда басталып кеткен. Негізгі мақсаты – төтенше жағдайдың салдарын жою, тәртіп орнату», — дейді Айтбаев.

Еске сала кетсек, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары газ бағасының өсуіне байланысты наразылық білдіріп, митингке шыққан еді. Бұл наразылық акциялары бірден қолдау тауып, басқа аймақтарда жалғасты. Ал 4 қаңтарда бірнеше қалаларда жаппай тәртіпсіздік басталды. Ресми мәліметке сәйкес, «Қасіретті қаңтар» оқиғасы салдарынан 227 адам қаза болған.

                                                                          Мөлдір Ибадуллаева