Төтенше жағдай кезінде алкоголь өнімдерін сатуға тиым салынған

52

Шаһардағы ірі дүкендердің бірі 10 млн. теңгеге жуық қаржы көлемінде шығынға батты. Президент Жарлығымен Төтенше жағдай кезінде алкоголь өнімдерін сатуға рұқсат берілмеген. Алайда кәсіпкерді қаржы мәселесі емес ел тыныштығы алаңдатуда. Олар ұжым болып тұрақты жағдайда жұмыстарына кірісуді қалайды.

Ішімдік қойылмаған бос сөрелер шымкенттіктердің басым бөлігін таң қалдырды. Өйткені осыған дейін елде төтенше жағдайлар болса да, арақ шарап сатылымы тоқтамаған болатын. Оксана Гордиенко уақытша «құрғақ заңды» жақтайды. Денсаулыққа айқын пайдасы болады дейді.

Оксана Гордиенко, қала тұрғыны: «Мен алкоголь сатуға тыйым салынғанына толық келісемін. Себебі адамдар ішкен кезде олар өздерін мүлдем басқара алмайды. Мұндай сәттерде, әрине, алкогольден аулақ болу керек, өйткені жағдай әлі тұрақтанбаған және бәрі өз орнына түспеген. Кешке адамдар шығуға қорқады».

Елде төтенше жағдай кезінде алкоголь өнімдері іс жүзінде есірткіге, у , тіпті қаруға теңестірілді.

«Төтенше жағдай кезеңінде: қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы құралдарды, улы заттарды сатуға тыйым салу, дәрілік, есірткі, психотроптық заттарды, прекурсорларды, сондай-ақ этил спиртін, алкоголь өнімін сатудың ерекше режимін белгілеу қажет», деп ІІМ баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

Тұрғындар жаппай тәртіпсіздіктер орын алған кезде сұмдық сәттерді бастан кешіргендерін айтады. Сондықтан кейбір азаматтар алкогольді сатпауды қолдайды!

«Мен тек жаңа ережелер үшін, оны мүлдем алып тастағанын қалаймын. Алкогольдің орнына қазақтың қымызын қойса жақсы болар еді», дейді қала тұрғыны.

Алкоголь өнімдерін сатудан түсетін табыс үлкен пайда әкелетініне қарамастан, тыйым салынғаннан кейін оларды сөрелерден алып тастауға тура келді. Кейбір супермаркеттер мұны коменданттың бұйрығы күшіне енгенге дейін жасады.

Марат Ыстыбаев, маркетинг бөлімінің бастығы: «Мүлдем ештеңе сатпаймыз, бұл іс-шара біздің базада тіркелген. Қазір елдегі жағдай сондай пайданы ойламайсыз. Тиісінше, біздің басшымызбен осы кезеңде алкоголь өнімдерін сатпау туралы шешім қабылданды. Себебі елдегі жағдай тұрақсыз. Біз кейбір кірістерімізді жоғалтайық, бірақ елдегі жағдайды тез арада тұрақтандыруымыз керек».

Заң бойынша жасырын сатылған тауар үшін 30 мың теңге айыппұл салынады немесе он бес тәулікке дейін қамалу қауіпі бар. Егер Шымкентте төтенше жағдай созылса, онда тыйым 19 қаңтарға дейін қолданылады.

Шынар Оразова