Тұрғындардың шағымы бойынша «Яндекс Такси»-ге қатысты тексеру басталды

96

Бас прокуратура бәсекелестікті қорғау агенттікпен бірлесіп, нарықтың 102 субъектісіне, соның ішінде сауда-саттық ұйымдастырушыларына қатысты тексеріс бастады.

Бәсекелесті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қазақстандықтардың шағымы бойынша «Яндекс  Такси» тексеріліп жатқанын үкімет отырысында мәлімдеді.

Сонымен қатар, хабарламаны орындамау фактісі бойынша «ЕТС-Тендер» тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушысына қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.

Шынар Оразова