Түркіменстан Қазақстанға табиғи газ бен электр энергиясын жеткізуге дайын

28

Түркіменстан Қазақстанға табиғи газ бен электр энергиясын жеткізуге дайын. Осы елдің сыртқы істер министрі Рашид Мередов Түркі мемлекеттері ұйымының онлайн кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Айтуынша, Ашхабад наурыз айынан бастап экспорттық газ бен электр энергиясын тасымалдауға әзір. Рашид Мередов Түркіменстан Қазақстандағы жағдайдың тезірек қалпына келуіне, одан әрі тұрақты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына ниеттес екенін атап өтті.

Шынар Оразова