Түркістан облысы бағаны өсірмеу үшін 1 млрд. теңге қаражат бөлген. Бұл қаражат азық-түлік сатып алуға жұмсалады.
Өйткені, жаңа жылдың алдында бағаның шарықтап кеткені белгілі. Түркістан қаласында Үкімет қаулысымен бекітілген 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын 13 дүкен және бес ірі сауда үйінде бұрыштар қарастырылған.
Онда халық күнделікті көп тұтынатын картоп, сәбіз, қант, өсімдік майы, ұн және макарон сияқты өнім түрлері нарықтағыдан төмендетілген бағамен сатылады. Мәселен, картоптың бір келісі мұнда — 100 теңге болса, базарда 230, бірінші сорт ұн әлеуметтік дүкенде – 150 болса, сауда орындарында 300 теңгеден саудаланып жатыр.
Шынар Оразова