Түркістан облысында әжетханаға құлап кеткен бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Оқиға Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде болды. Жеке тұрғын үйдің ауласындағы 4 метр тереңдіктегі әжетханаға 6 жасар бала құлап кеткен.
«112» қызметіне хабарлама түсісімен оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 5 құтқарушысы мен жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері барды. Құтқарушылар арқанның көмегі арқылы баланы алып шықты. Ауруханада тексеруден өткеннен кейін жеткіншек үйіне жіберілді. «Қазір баланың жағдайы бір қалыпты қалыпты», — деді Төтенше жағдайлар департаментінен.