Түркістан облысында өртенген ауруханадан 57 адам эвакуацияланды

54

103 пультіне Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы орталық аудандық ауруханада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Белгілі болғандай, бөлімшелердегі бір палата өртке оранған, онда төсек-орын жабдықтары жанып жатқан.

Жедел әрекеттің арқасында өрт сөндірушілер ғимараттан 57 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Жалындаған өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 13 өрт сөндірушісі мен 4 бөлімшесі жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.