Түркістан облысында жоғалған жасөспірім қыз Шымкенттен табылды. Шардара ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.
Оның айтуынша, 16 жасар қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткен. Жасөспірімнің анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Полиция қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кірісіп, нәтижесінде тәулік ішінде оның жүрген жерін анықтады. Ол Шымкент қаласында тұратын әпкесінің үйінен табылды.
Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды. Анықталғандай, мұндай қадамға баруына ата-анасы жасөспірімнің қыдырып келуіне рұқсатын бермеген. Сол себепті қалаға әпкесінің жанына кетіп қалған. Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді.
Алихан Файызханов