Соңғы екі жылда жаһанды жайлаған коронавирус пандемиясы адамзатты шұғыл шешім қабылдауға, ресурстарды тиімді пайдаланып, өмір үшін күресуге үйретті. Жалпы, тек Қазақстан үшін ғана емес, барлық мемлекет үшін оңай жыл болған жоқ. Бүгінде әлем халқы жаңа жағдайда өмір сүруге бейлімделіп, пандемия салдарымен күресіп, әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіруге күш салуда. Осы орайда, биыл Қазақстанда да ел тұрғындарының өмір сапасын жақсарту мақсатында бірқатар іс-шара қолға алынбақ. Барыс жылы елімізде болатын өзгерістер мен жаңалықтардың бірқатарын тізімдедік. Толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалында.
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері артады
2021 жылғы 2 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» құжатқа қол қойды. Аталған құжат бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткішті арттыруды көздейді. Осыған сәйкес, биылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері қазіргі 42 500 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін өседі. Сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңгеге дейін, ең төменгі базалық зейнетақы төлемі — 19 450 теңгеге дейін өседі. Сонымен бірге, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңгеге дейін, базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңгеге дейін артпақ.
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері артады
2021 жылғы 2 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» құжатқа қол қойды. Аталған құжат бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткішті арттыруды көздейді. Осыған сәйкес, биылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері қазіргі 42 500 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін өседі. Сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңгеге дейін, ең төменгі базалық зейнетақы төлемі — 19 450 теңгеге дейін өседі. Сонымен бірге, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңгеге дейін, базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңгеге дейін артпақ. МӘМС үшін аударылатын төлемдер өзгереді Биыл 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері де өзгереді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуымен байланысты. Бұдан былай: — жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 000 теңгеден аспайды — қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде төлейді — жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар — ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 200 теңге төлейді Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ): — қала тұрғындары үшін — 1 АЕК немесе 3 063 теңге — ауыл тұрғындары үшін — 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге. «Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге төлейтін болады. Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл санаттағылар 11 млн-нан асады. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды», — деп хабарлады елордалық ӘМСҚ баспасөз қызметі.
МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады Жарнаны: — екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы; — Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы; — «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы; — төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы; — медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы төлеуге болады. БЖЗҚ: жеткілікті шектің мөлшері өзгерді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) биыл, яғни 2022 жылы зейнетақы қаражатын алу үшін жеткілікті шектің мөлшерін өзгертті. «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов бекітілген әдістеме бойынша, төмен жинақтық шек мөлшері жинақ иесінің жасына қарай есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсімі (индекстелуі) ескерілетінін атап өтті. Оның айтуынша, жинақтық шек мөлшерінің өсімі ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі секілді көрсеткіштердің артуына байланысты болып отыр. «Республикалық бюджет туралы» ҚР заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты, төмен жинақтық шек мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі», — деп атап өтті басқарма төрағасы. Осылайша, осы көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты үкіметтің қолданыстағы қаулысына сәйкес, төменгі жеткілікті шектің мөлшері қайта есептелетін болды. Бұдан былай осы мөлшерден асса ғана, азаматтар өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалана алады.