Қойма өртенді

117

Абай ауданындағы Ломоносов көшесіндегі өрт туралы хабарлама «101» басқару пультіне 2022 жылғы 19 ақпанда 13 сағат 17 минутта келіп түсті.

Оқиға орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жалпы ауданы 1440 ш.м. құрайтын бір қабатты қойма үй-жайында 700 ш. м. алаңда шатырдың жануы орын алғанын анықтады. Ғимарат «Доматов Абдулла» ЖК қарасты. Қойма ішінде шаруашылық тауарлар (дәретхана қағазы, сіріңке, тәттілер және пістелер) болды.
Өрт 14-17 сағатта оқшауланды және 15-35 сағатта жойылды. Өрттің себептері мен келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталуда. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 68 адам және 17 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы, сондай-ақ «ЛТД Тұрмыс»коммуналдық қызметінің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды.