Эвакуациялық-жиналу пункттерінің жұмысы пысықталды

106

 

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның базасында орналасқан 31-эвакуациялық жинау пунктінде төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау үшін практикалық жаттығу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің, қалалық 21 азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері және жалпы орта мектептің мұғалімдері мен жақын орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындары қатысты.

Апатты жағдайда қауіпсіз аймаққа қалай бару керек екенін, онда мамандар арнайы жасақталған топтардың жұмысын тұрғындарға көмек көрсету арқылы тәжірибе жүзінде түсіндірілді.

Сонымен бірге жаңа технологиялардың мүмкіндігін ескеріп, Шымкент қаласында филиалы жұмыс істейтін «2ГИС» халықаралық картографиялық компаниясының кең мүмкіндіктерін пайдалануда. Атап айтқанда, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері «2ГИС» Шымкент филиалымен бірлесіп қаладағы 123 жиналу-эвакуациялау пункттерін орналастыру және белгілеу мәселелерін пысықтады. Тұрғындар мен қонақтар «2ГИС» (карта) қосымшасының электронды іздеу жүйесінде жиналу-эвакуациялау пунктінің орналасқан жақын жерін анықтай алады.

Қаладағы мектептердің негізінде құрылған барлық эвакуациялық-жиналу пункттерінің жұмысын пысықтау жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес өткізіледі.