8 мыңға жуық азамат полиция көмегіне жүгінген

69

Шымкент қаласының тұрғындары тарапынан өткен аптада «102» арнасын түрлі сипаттағы 7634 қоңырау түскен. Және бейнебақылау камераларының көмегімен ағымдағы жылдың 21-27 ақпан аралығында 5 қылмыс ашылды.

Сонымен қатар, 2547 әкімшілік құқық бұзушылық жайттары анықталды. Тәртіп бұзушылар ортақ пайдалану орындарын ластау, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, қоғамдық орындарда тиісу жайты бойынша жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, 1837 жол жүру қағидаларын бұзу және 280 өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

Иззат Миралиев