АҚШ Ресейге қарсы санкциялар тізімін жариялады

239

АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы санкциялар тізімін жария етті. Ақ үй басшысы «Мәскеу бұдан былай Батыстан қарыз ала алмайды», — деп мәлімдеді. Санкциялар ресейлік банктерді де қамтып отыр. Сонымен бірге Байденнің сөзінше, «Ең нашар сценарийді болдырмауға әлі де уақыт бар».

Ал ЕуроОдақ Донецк мен Луганскті мойындауды жақтап дауыс берген Мемлекеттік думаның 351 депутатына санкция енгізді. Бұған қоса шектеу шарасы ресейлік 27 жеке және заңды тұлғаны, бірнеше банк пен мемлекеттік органды қамтиды. Сонымен бірге жоғарыда аталған екі аймақпен ЕуроОдақ елдері арасындағы сауда күрт қысқартылмақ.

Жапония да Ресейдің Донецк пен Луганск республикаларын мойындауына қарсы санкция жариялады. Премьер-министр Фумио Кисиданың сөзінше, ресейлік облигацияларды шығаруға тыйым салынып, осы елдің бірнеше азаматының активтері бұғатталады. Донецк пен Луганск республикаларына тауар импорты мен экспортына, сондай-ақ, виза беруге тыйым салынады.

Шынар Оразова

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz