Елдегі ақылы жолдардан 8 млрд. теңгеден астам пайда түсті. Мамандардың сөзінше, бұл қаржы жолдарды күтіп ұстау мен өзге де қажеттіліктерге жұмсалады. Жалпы елде ұзындығы 682 шақырым болатын төрт жолда қозғалыс ақылы.
«Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас» тас жолдарынан жыл ішінде 6,9 млрд. теңге жиналған. Тізімді былтыр қарашада тағы 7 жол учаскесі толықтырды. Олар: «Тараз – Қайнар», Шымкенттен Қызылорда, Тараз және Өзбекстан шекарасына дейінгі аралық, «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск» және «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Олардан бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңге түскен.
Шынар Оразова