«Атқарылатын шаруа шаш етектен». Осылай деген Түркістан қаласының әкімі «Шауғар» тұрғын алабы халқымен кездесті. Нұрбол Тұрашбеков бұл аумақта бірқатар мәселелер бар екенін атап өтті. Айтуынша, алдағы уақытта бұл елдімекенде атқарылатын шаруа жетерлік.
Бұл секторда жалпы саны 165 көше бар, оның 45-і асфальттанған, ал 65-не тас төселген. Сондай-ақ 76 көшесі жарықтандырылған екен.
Жалпы, биыл 11 көше жөндеуден өтіпті. Олар Сабырханов, Р.Дастанова, Ж.Шанин, Ә.Маргулан, Қазыбеков, М.Тұрсынов, Хамза, Б.Байтасов, Ш.Уәлиханов, М.Шаяхметов, Н.Төреқұлов.
Ал 14 көше тұрғындары ауыз су жүйесімен әлі күнге дейін қамтылмаған. Шаһар басшысы болса, су жүйесінің құрылысын кезең-кезеңімен жүргізу жоспарланған деп отыр.
Сонымен қатар, 205 шақырым кәріз жүйесін кіргізу көзделген. Әрі қазіргі таңда бұл елдімекенге қосымша 2 трансформатор ортнатылып жатыр екен.
Қала басшысына өтініштерін жеткізген тұрғын алап халқы ұсынымыз аяқсыз қалмаса екен дейді.
Мөлдір Ибадуллаева